Мамандар ақырзаманның қашан болатынын айтты (дерек)

Oinet.kz 03-09-2020 3429

Леонардо да Винчидің туындысын зерттеген маман 4006 жылы ақырзаман болатынын айтып дабыл қақты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі golos.ua сайтына сілтеме жасап.

image.png

Леонардо да Винчидің туындылары бірталай зерттеуші-мамандардың қызығушылығын тудыруда. Суретшінің картиналары болашақты болжайтынына сенімді мамандардың бірі, Ватикан тарихын зерттеуші Сабрина Сфорца Галиция суретшінің туындыларының біріндегі құпияны ашқанын мәлімдеді. 

Ол италиялық суретші Леонардо да Винчи қалдырып кеткен болашаққа қатысты болжамдардың бірін таба алғанын айтуда. Маманның сөзіне сенсек, суретшінің туындысы 4006 жылы ақырзаман болатынын көрсеткен. "Құпия кеш" деп аталатын картинадан әлемнің болашағын жорыған маман суреттегі латын қарпімен жазылған 24 әріп тәуліктің 24 сағатын білдіретінін алға таруда. Одан бөлек картинада үш топ апостол, үш терезе сынды дүниелердің салынуы үш санына баса назар аудартады екен. 

Осылайша, бұл сандарға астрологиялық білімін, нақтырақ айтқанда Зодиак белгілері туралы білімді сәйкестендірген маман, ақырзаман 4006 жылдың 21 наурызында болады деген тоқтамға келді. Ол осы күнде Жерді топан су басып, табиғат құбылысы 1 қарашаға дейін жалғасатанынын болжады. Да Винчидің туындысы осы күнде барлық адамзат жер бетінен жойылатынын болжап кеткен дейді маман. Еске салсақ, бұған дейін әлемдегі ең қарт ерлі-зайыптылар 79 жыл жұптары жазылмауының құпиясымен бөліскен болатын. Одан бөлек, АҚШ ғалымдары клапаны бар бетперделер коронавирустан қорғамайды деген тұжырым жасаған еді. 

Қазақстанда зейнет жасын қысқарта ма? Еңбек министрлігі жауап берді
Министрліктегі жауапты хатшылардың жалақысы қанша?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу