Түркменбашының портреті дүкендерде жаппай сатылуда

Oinet.kz 02-09-2020 791

Түркіменстанның шығысындағы Лебап уәлаятының тұрғындары Президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің фотопортреттерін сатып алуға мәжбүр, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

Азатықтың осы өңірдегі тілшісі Азық-түлік тауарларының тапшылығына тап болған елдің Фарап ауданының мемлекеттік дүкендерінде ұн мен нан сатылымда пайда болғанын, ал азық- түлік алған адам Бердімұхамедовтің суретін де бірге қосып алуға мәжбүр екенін айтады. Суреттің өлшемі 50х35 сантиметр, бағасы 20 манаттан тұрады (орталық банктің ресми бағамы бойынша шамамен алты доллар, қара нарықтағы бағамнан айтарлықтай ерекшеленеді).

Суретті сатып алудан бас тартуға ешкімде қауқар жоқ. Өйткені, дүкендерде ішкі қауіпсіздік және полиция қызметкерлері жұртты жіті бақылауда ұстап тұр. Ал атын айтпай, тілшінің сұрағына жауап берген түркімен полицейі билік егер Бердімұхамедовтың суреті әр үйде болса, онда халық "оны көбірек жақсы көреді"деп санайтынын айтады.

Дәл осындай жағдай Қазақстанда орын алса, қалай болар еді? Өзіңіз тиын санап шамамен 4200 теңгеге, яғни 10 долларға  үйіңізге тамақ сатып алып тұрсыз делік. Дүкенші Тоқаевтың суретін қосып есептеп, сізге 16 доллар, яғни 6720 теңге төлеуді талап етсе...

- «Адам өзі әр нанының ақшасын санап, күнін зорға көріп жүрсе, президенттің суретін мәжбүрлеп алғызу адамгершілік емес қой! Біздің елде адам құқықтары әлдеқайда дұрыс сақталады екен, түркімен ағайынмен салыстырғанда. Осындайда халқымен санасатын өз президентіміздің қадірін түсінесің» - дейді Димаш Бекталы. 

- «Басымды кесіп алса да, сатып алмас едім ешкімнің суретін. Халқын үлде мен бүлдеге орап тастап барып, суретімді сатып ал десе, ойланып көруге болар еді. Ал ТМД елдеріндегі бір де бір президенттің суреті тегін таратылса да, құрметке ие бола алмайды деп санаймын» - дейді зейнеткер Әуелхан Шонжан.

- «Егер, заңмен бекітіп, «алуға тиіссің» десе, амал жоқ қой, аламыз ғой. Бірақ шын құрметке лайық болса, кез келген президенттің суретін адамдар өзідері сатып алуға ұмтылар еді. Түркіменстан президенті сияқты тамаққа қосып суретін сату сол президенттің абыройының қай деңгейде екенін көрсетсе керек» - дейді дәрігер Ләйлә Алшынбай.

дереккөз: adyrna.kz.

​Қазақстанда салықтардың саны қысқарады
Президенттің үкімімен 15 шенеунік лауазымымен қош айтысады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу