Бердімұхамедов Тоқаевқа ақалтеке мен тазы күшігін сыйға тартты
Қазақстан Президенті Ашхабадқа екі күндік мемлекеттік сапармен барды. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов ат спорты кешенін аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды ақалтеке сыйға тартты, деп хабарлайды Oinets.kz тілшісі.
Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook желісінде жариялады.
- "Ашхабадтағы жылқы кешенін аралап көру барысында Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа асыл тұқымды Ақалтеке арғымағын сыйлады. Бұдан бөлек, еліміздің басшысына түрікмен тазысының күшігін сыйға тартты", - деп жазды Берік Уәли.
Өз кезегінде Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президентіне "керемет сыйы" және "бауырлас түрікмен халқы" тарапынан достық танытқаны үшін алғыс айтты.