«Ұлы ақын» Балтабек Назарбаевқа тағы да жыр жолдарын арнады (өлең)

Oinet.kz 31-08-2020 1452

Елімізде Абайдан кейінгі "ұлы ақын" ретінде танылып жүрген Балтабек Нұрғалиев Елбасы - Нұрсұлтан Назарбаевқа тағы да отты жырын арнады, деп хабарлайды Oinet.kz. Ақын өлең жолдарын Facebook парақшасында жариялады. 

image.png

Оның аты - Назарбаев Нұрсұлтан

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы:

Барлық қазақ жаудырарлық алғысын,

Ұлы тұлға тарихымда қалды шын.

Қазақстанның шекарасын бекітіп,

Жер сақтауға салған сол ғой бар күшін!

Оның аты - Назарбаев Нұрсұлтан!

Барлық әлем құрметтейді тік тұрып,

Тегінде бар киелілік, мықтылық.

Елорданың көтерген сол еңсесін,

Әрбір ісі, әр еңбегі - құттылық! 

Оның аты - Назарбаев Нұрсұлтан!

Ел үмітін, ел сенімін ақтаған,

Жасатқызып ынтымаққа нақ қадам.

Ұлт пен ұрпақ сол тұлғаға қарыздар,

Ұлы Дала әр сүйемін сақтаған! 

Оның аты - Назарбаев Нұрсұлтан!

Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев! - дейді ол өлең жолдарында. 

Ер адам әйелін сұлу болғаны үшін өртеп жіберді
Тоқаев Нұрлан Нығматулинді қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу