Қазақтың мақтанышына айналған Бекболат Тілеухан шын мәнінде кім?
Әнші, жыршы, педагог, қоғам қайраткері ретінде қазақ қоғамына танылған Бекболат Қанайұлы Тілеухан 1966 жылы 7 тамыз күні Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кентінде дүниеге келген.
Білімі
Арғын тайпасының Қуандық руының Күшікбай Тоқа бұтағынан шыққан. В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-металлург мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын халық әндерінің оқытушысы, концерттік орындаушы мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (1995) бітірген. Доцент.
Еңбек жолы
2004 жылдан бастап «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
1983 – 1987 жылдары Қазақ политехникалық институтының металлургия факультетінде оқыды.
1993 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясындағы халық аспаптар факультетінің халық әні бөлімін (педагогы Жәнібек Кәрменов) бітірді.
1992 - 2001 жылдары - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының оқытушысы, доценті, халық әндері кафедрасының меңгерушісі.
1996 жылдан - фольклорлық ансамбль жетекшісі, 1997 жылдан - ҚР Республикалық гвардия жанындағы Президенттік оркестрдің көркемдік жетекшісі.
2001 жылдан - ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
2002 жылдан - ҚР Мәдениет және қоғамдық келісім вице-министрі.
2003 жылдың қыркүйек айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі III шақырылымынын депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
2007 - 2011 жылдары - ҚР Парламенті Мәжілісі IV шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі.
ҚР Президенттігіне үміткер — Н.Ә. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының мүшесі (2005), «Нұр Отан» ХДП саяси кеңесінің мүшесі (2006 жылдан).
Жанұясы
Жұбайы - Несіпбай Раушан Төлеутайқызы (1966 жылы туған), өнертану ғылымдарының кандидаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті;
Ұлдары - Нұрмұхамет, Нұрдәулет;
Қызы - Зейнеп.
Мемлекеттік марапаттары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «ДАРЫН» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері;
1996 жылы елбасының жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы берілді.
1998 жылы Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты;
2005 жылы елбасының жарлығымен жоғарғы мемлекеттік марапат «Парасат ордені» мен марапатталды;
2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» мерекелік медалі;
2006 жылы «Қазақстан парламентіне 10 жыл» медалі;
2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі;
2011 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі.