Ақжарқынға қатысты шешуші сот үкімі шықты (үкім)
Гуанчжоу әуежайында шекарадан 4,5 келі есірткіні алып кетпек болды деп айып тағылып, өмір бойы бас бостандығынан айырылған қандасымыздың ісі қайта қаралып, Қытай өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы үкімді өзгеріссіз қалдырған.
Еске сала кетсек, Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда есірткі алып өтпек болды деген айып тағылды. Ол кезде Ақжарқын небәрі 20 жаста болатын. 2015 жылдың маусымында Қытай оны бас бостандығынан айырды.
Сотта Ақжарқын шетелдік досының алдап кеткенін айтып, кінәсін мойындамаған еді.