Олжас Сүлейменовтың немересінің қазасына себепкер бойжеткен бостандыққа шықты (видео)

Oinet.kz 20-08-2020 972

Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатына кінәлі деп танылған Малика Мұхитова бостандыққа шығады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

2018 жылы екі жылға бас бостандығынан айырылған Малика Мұхитова жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстыру туралы өтініш берген. Осылайша, қалалық соттың апелляциялық инстанциясы жазаның өтелмеген бөлігін айыппұлға ауыстырды.

- "Бірақ ол қосымша жазадан босатылған жоқ - бес жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылды", - деді Мұхитованың адвокаты Дмитрий Куряченко.

Еске салайық, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендірдің қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылы 22 маусымда Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылының қиылысында болған еді. 

Мемлекет басшысы Мырзакент ауылындағы жаңа ықшамауданның құрылысымен танысты
Нұрәлі Әлиев марқұм інісі Айсұлтан Назарбаевтың фотоларын жариялады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу