Қылмыс тіркелмейтін ауылдар...
26-01-2024
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуға тиіс екенін мәлім етті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Ел президенті пандемия кезеңінде және мемлекет пен азаматтардың табысы азайған тұста жемқорлықпен күресті одан әрі күшейту керектігін ескертті.
"Халықаралық сарапшылардың айтуы бойынша мемлекеттер пандемияның салдарымен күреске мол қаражат жұмсап жатқан кезде қаржыны мақсатқа сай пайдаланбау және жымқыру қаупі арта түседі. Бөлініп жатқан қаражат мұқият әрі тиімді жұмсалуға тиіс. Бұл – әр теңге өзінің мақсатына сай жұмсалуы керек деген сөз", - деді Тоқаев.
Осы орайда мемлекет басшысы қажетсіз шығындарды алдын ала анықтау керектігін жеткізді.
"Әсіресе, қазіргі жағдайда еш пайдасы жоқ және қажетсіз іс-шараларға қаражаттың шығындалуына қоғамның қалай қарайтынын көріп отырмыз. Сол себепті, бұндай мәселелерге болары болып, бояуы сіңгеннен кейін емес, алдын ала мән беру – өте маңызды", - деді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.