Мұхамеджан Тазабек Айсұлтан Назарбаевқа жантебірентерлік жазба арнады (фото)

Oinet.kz 17-08-2020 2342

"Асыл арна" телеарнасының бас директоры, ақын Мұхамеджан Тазабек марқұм Айсұлтан Назарбаев туралы естелікпен бөлісіп, оның жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

image.png

- "Оншақты жыл бұрын Айсұлтанмен бірге қасиетті Меккеде бірге болып, умра қажылығын атқарған едік. Екі-үш күннің ішінде қатты әсерленіп, жаны нұрланып, көп жақсы сөздер айтқан еді. Әсіресе, қайтар жолда, елге жеткенше ұшақ ішіндегі үш-төрт сағаттық әңгіме әлі есімде. "Аға, қазіргі жастарды білмейсіз ғой, қатты өзгеріп кетті. Рухани құндылық дегендер аяқ асты болып, жастар тек қана бір күндік рахатын ғана ойлайды. Олар әртүрлі ойындардың қызығына кіргені сондай, дәретхананың ішіне сусыны мен тамағын ала кіріп, қажеттілік өтейтін жердің қаяуында сағаттап отырады" - дегенін естіп, жүрегім ауырған еді. 

- "Болды, елге жеткесін өзім де бүтіндей өзгерем, достарымды да имандылыққа, ізгілікке тартам" деп, шабыттанып, ерекше есейіп оралған еді... Өкінішті... Тәубеге бүтіндей келетін, Алланың сүйікті құлы атанып, "толық адам" бейнесінде өзіне де, отбасы, ортасына да жақсылығын жаятын жасында жаман ортаның кесапатынан арқанын үзе алмай, қыршынынан қиылды. Ұлы сапарда бірге болған бауырымыз еді, ақыретін Ұлы Раббымыздың әділдігіне тапсырамыз. Жоқтаушылары мен жанашырларына көркем сабыр берсін", - деп жазды Мұхамеджан Тазабек Facebook желісіндегі парақшасында. 

Швейцариядағы қазақ дәрігері: Бұл індетті тоқтату үшін қарапайым үш шартты орындау керек
Мерейіңіз арта берсін, Әсетулла Шалабайұлы!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу