Мерейіңіз арта берсін, Әсетулла Шалабайұлы!
Шымкент қаласындағы «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС-де, инспекция бөлімінің бастығы Әшірімбет Әсетулла Шалабайұлының 63 жасқа толуына орай, жергілікті кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Сакеновтың ұйымдастыруымен құрмет көрсетілді. Әсетулла Шалабайұлы 13 тамызда 63 жасқа толып, зейнет жасына жетті. Мекеме ұжымының атынан құттықтау сөздері айтылып, туған күн иесіне гүл шоғы сыйланды.
Облыстық құрылыс комплексі және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы комитетінің атынан, жауапты қызметкері – Қылышбаева Жібек, туған күн иесі Әшірімбет Әсетулла Шалабайұлын құттықтап, зор денсаулық, отбасына әрқашан бақыт қонып, шаттығы таусылмай, зейнеттің бейнетін көруді тілеп, ақ тілегін ақтарды. Сонымен қатар, қуаныш иесіне «Алғыс хат» тапсырып, «Елеулі еңбегі үшін» медалімен марапаттады.