Сенат сайлауының алдын-ала қорытындысы: Нұр-Сұлтанда экс-министр жеңіске жетті
Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, қазір Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев алдын-ала нәтижелер бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтан қаласынан сенат депутаттығына ұсынылған Күрішбаевқа алдын ала нәтижелер бойынша сайлаушылардың 75%-ті дауыс берген.
Ал елордалық басқа кандидаттар Мейрамбай Оралов пен Мәулен Самамбетов сәйкесінше 15% және 10% дауыс жинаған.
Алматылық Сұлтанбек Мәкежанов сайлаушылардың 100% дауысын алған.
Шымкентте ең көп дауысты – 72%-пен Айгүл Қапбарова иеленді. Толқын Аюбаева сайлаушылардың 16% дауысын алса, Бектай Ормановқа 12% дауыс берген.
Айта кетейік, сенат депутаттарының сайлауын 185 бақылаушы қадағалайды. Олардың 180-і ұлттық, сонымен қатар 5 түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі миссиясының 5 халықаралық мүшесі. Осы жылы сенат депутаттығы үшін сайлауға қатысып жатқан 46 үміткердің тек 17-сі ғана парламенттің жоғарғы палатасының мүшесі атана алады.
Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін 18 тамызда жариялайды.