Тоқаев Мексикадағы елшіні қызметінен босатты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Мексикадағы елшісі Андриан Елемесовті қызметінен босатты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
- "Мемлекет басшысының Жарлығымен Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Доминикан Республикасындағы, Ямайкадағы, Панама Республикасындағы, Коста-Рика Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды", - делінген хабарламада.