Соңғы бір тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 48 адам көз жұмды

Oinet.kz 07-08-2020 943

171 науқастың жағдайы нашар, 28 науқастың жағдайы өте ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

5f2cdf0fa85ac186402142.jpg

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 7 тамызда тіркелген COVID-19 пен коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмония бойынша ақпарат таратты. Ведомствоның хабарлауынша, өткен тәулікте 980 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып, 30 адам көз жұмған. Коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1424 жағдайы және 18 өлім жағдайы тіркелді.

«Қазір коронавирус инфекциясынан 25 053 адам ем қабылдап жатыр. Олардың 108-і – балалар. Стационарларда 5 364 науқас жатыр. 19 689 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы, науқастардың арасында 171 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 28 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 42 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген ведомство хабарламасында.

​Қостанай облысының тұрғындары індеттің бетін қайтару үшін ерекше әрекет жасады
Тоқаев Мексикадағы елшіні қызметінен босатты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу