Қазақстанда бір тәулікте коронавирустық пневмониядан 16 адам көз жұмды
2020 жылғы 6 тамызда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Министрлік коронавирустан болған пневмония жағдайының статистикасын жариялады.
"Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 1530 жағдайы және 16 өлім жағдайы тіркелді. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 9584, 102 өлім жағдайы тіркелді", - деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Жалпы, Қазақстанда ПТР оң нәтиже көрсеткен науқастардың саны 96 мыңнан асқан.