Танымал журналист, жазушы өмірден өтті

Oinet.kz 06-08-2020 936

Соғыс ардагері, ҚазТАГ қаламгері Бисұлтан Аманғалиев 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Ардагер, белгілі журналист, жазушы Бисұлтан Аманғалиев ҚазТАГ аударма кеңсесінде 1954 жылдан 1990 жылға дейін жұмыс істеді. Ол КСРО Журналистер одағының мүшесі. 

ҚазТАГ-қа дейін Бисұлтан Аманғалиев «Қазақстан пионері» және «Социалистік Қазақстан» газеттерінде қаламын ұштады. Еңбек жолын аудармашы болудан бастаған ол, аударма бөлімінің редакторы, бас редактордың орынбасары, республикалық, бүкілодақтық және шетелдік ақпарат редакциясын басқарды. Ол ҚазТАГ-тың майталман маманы, еліміздегі білікті аудармашы ретінде арнайы алдырылып, КСРО Жоғарғы Кеңесі сессияларында стенографиялық ілеспе аударма жасау үшін бірнеше рет Мәскеуде де болған. 

Әсіресе, 1969 жылы Мәскеудегі Кремльдің Съездер сарайында ІІІ-Бүкілодақтық колхозшылар съезінде тікелей ілеспе аударма жасаған. Бисұлтан Аманғалиев Украина, Польша, Чехословакия, Венгрияны азат етуге қатысты. Әскердің барлық үш саласында қызмет етті. 

Ол Қазақстанға 1945 жылдың қарашасында ғана оралды. Бисұлтан Аманғалиев соғыс және бейбіт уақыттағы «Құрмет» орденімен, Халықтар достығы, Қызыл Жұлдыз, Жеңіс ордендерімен марапатталған. Ардагер қаламгер 1925 жылы 24 желтоқсанда қазіргі Батыс Қазақстан облысыны, Казталов ауданында дүниеге келген болатын. 

Белгілі журналист, жазушы өмірден озды
«Қозғалатын ет» желі қолданушылары арасында үрей туындатуда (видео сілтемеде)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу