Танымал актер депутаттарға қарсы пікір білдіріп, өткір сынға алды
Кино және театр актері Бақыт Тушаев демалысқа шыққан депутаттарды сынға алды. Ел ауыр індетті бастан өткеріп, күресіп жатқанда шенеуніктердіңқара басын ойлағананына ызаланатынын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазба қалдырды.
- Біз Қазақстан халқы. Еліміздің парламент және сенат депутаттарына іздеу саламыз. Ау депутат аталар мен әжелер, көкелермен тәтелер. Қайдасыздар? Қайдағы каникул құдай ау. Онсызда ұйықтап келесіздер. Көктемгі екі ай карантинде қатырып жұмыс істегендеріңіз шамалы. Ол кезде де жаттыңыздар. Қолға күрек алып күндіз түні жер қазсаңыздар бір сәрі. Мына сәтте неғылған каникул? Ұят-намыс деген барма өзі? Ел өздері ақша жинап өздері құрылғы дәрі-дәрмек алып жүргенде неге біреуің сол елдің ортасынан табылмадыңдар, - деп жазды актер желіде.
Айтуынша, депутаттар халыққа қол ұшын берудің орнына өз басын ойлап жатыр. Елмен бірге болған, көмек созған ешбір шенеунік жоқ. Қиын сәтте тек ұйықтап өткен депутаттар енді демалысқа шыққысы келеді деп табалады.
- Жамыраған сонша депутаттың ішінен біреуің -"әй бізге каникул не үшін керек онсыз да көр тышқандай жаттық қой дайын үйде дайын тамақты жеп. Дерт меңдеген мына елдің, тығырықта отырған мемлекеттің бір жағынан шығысайық" деген бір депутат шықсашы. Ай қайдам ондай ми, ондай өре қайда сіздерде. Дәл қысылтаяң шақта президент Тоқаевқа өзің бірдеңе істе бізде каникул деп қолды бір сілтеп кете бардыңдар. Қысқасын айтқан да президентті де халықты да лақтырып, мына ауруды да артына қыстырмай, карантиннен келе сала каникулға кеткен депутаттарға іздеу саламыз.. Құрметпен сендерді сайлаған ХАЛЫҚ, - деп жазды.