Ақтөбеде ер адам жасөспірім қызды зорлап, күш қолданған
Ақтөбе қаласында жасөспірімді зорлап, оған күш қолданған 33 жастағы күдікті ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
«22 шілде күні Ақтөбе қаласында белгісіз ер адамның жасөспірім қызды зорлап, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы күш қолданғаны анықталды. Көп ұазамай бұрын бірнеше рет сотталған 33 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды . ҚР ҚК-нің 120-бабы 4-бөлімі, яғни, «Зорлау» және 121-бабы 4-бөлімі «Көрінеу жас балаға қатысты жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, қылмыстық істі тергеу барысында күдіктінің шілде айында дәл осындай сексуалдық зорлық көрсеткені анықталды», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, екінші іс бойынша да Қылмыстық кодекстің «Зорлау» бабымен іс қозғалған.