Қазақстанда блогерлер салық төлейтін болды
15-01-2024
Әнші Маржан Арапбаева тізгінде отырып Stories түсіргені үшін жазаланды. Ол қауіпсіздік белбеуін де тақпаған болып шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісіне сілтеме берген Oinet.kz.
Тәртіп сақшылары әншінің ҚР әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің екі бабы бойынша - 593 және 591-баптары бойынша жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
"Ағымдағы жылғы 22 шілдеде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзу фактісін анықтады, атап айтқанда елорда тұрғыны қауіпсіздік белбеуін тақпастан көлік құралын жүргізген және көлік құралын басқару кезінде телефонды пайдаланған.
Полиция қызметкерлері құқық бұзушыны анықтап, ол ҚР ӘҚБтК 593-бабы және 591-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаменті Жол қозғалысы ережесін және жылдамдық режимін қатаң сақтау қажеттілігі туралы жүргізушілерді ескертеді. Бұл жол қозғалысына қатысушылардың барлығы, яғни жүргізушінің өзі, сондай-ақ жолаушылары және жаяу жүргіншілер үшін өте маңызды", - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция өкілдері.
Әнші өз әрекетіне қатысты пікір білдірді.
"Бүгін таңертең айыппұлын төледім, заң бойынша. Заңға қарсы шықпаймыз. Мен өзімді ақтамаймын. Видео менің үйімнің жанындағы паркингте түсірілген. Бағдаршамнан енді өте бергенде сол видеоны түсіріп, бірден қауіпсіздік белдігін тақтым. Ол әрине ақталғаным емес. Бірақ солай болып қалды", - дейді әнші.
Әншінің айтуынша, ол бүгін шамамен 18 мың теңгедей айыппұл төлеген. Яғни, көлікте қауіпсіздік белгісін тақпағаны үшін және ұялы телефон қолданғаны ұшін айыппұл тағайындалған.