Қаулыға сәйкес карантин режимі қатаң бақылауда
Аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топ Түркістан облысы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 26 қаулыға сәйкес шектеулердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында Бадам және Бөржар ауыл округтерінде орналасқан кәсіпкерлік нысандарда ағымдағы жылдың 7 шілде сағат 17.00 шамасында рейдтік іс-шара жүргізді. Іс-шара барысында нысандардың көбісі шектелген уақытқа дейін жұмысын аяқтап, жабылғаны анықталды.
Алайда уақытылы жаппаған, карантиндік режимді бұзғаны үшін және санитарлық талаптарды сақтамаған 6 кәсіпкерлік нысандарға ескерту берілді.
Жұмысшы топ осындай рейдтік іс-шараларды жүйелі түрде жүргізілетінін хабарлай келе, жеке кәсіпкерлерге уақытылы жұмысын тоқтатып жаппағандарға хаттама толтырылып айыппұл салынатыны ескертілді.