Түркістан: "Nur otan" партиясы дәріханаларға мониторинг жұмыстарын жүргізді

Oinet.kz 21-07-2020 790

Түркістан қаласындағы дәріханаларға мониторинг жүргізілді.  Тұрғындар тарапынан түскен шағымдарға сәйкес, дәрілердің шектік бағасы, қолжетімділігі  назарға алынды. Мониторингтік топ құрамында "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының орынбасары П.Тұрсынбаев, Түркістан облысының  Тауарлар мен көрсетілетін  қызметтердің сапасы мен  қауіпсіздігін  бақылау департаменті фармацевтикалық инспекторат бөлімінің басшысы Б.Байғазиев,  «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Г.Қарсыбай және өзге де азаматтар болды. Аталған топ облыс орталығындағы 10-ға жуық дәріхананы аралады.

3cc3f692-9dd2-485e-ac8b-a7d4fbb8e451.jpg

Мониторинг барысында  дәрілік заттарды шектік бағадан тыс саудалағандар анықталды.  Сонымен бірге аса қажетті кейбір дәрілердің тапшылығы да байқалды. Сондай-ақ, дәрілердің шектік бағасы жазылған арнайы тізім ілінбеген. Тіркелген кемшіліктер бойынша дәріхана қожайындарына ескерту берілді.

Жалпы "Nur Otan" партиясы Түркістан облыстық филиалы

«Қазақстанды Беларусьқа тарту керек»: Лукашенко Тоқаевқа қандай уәде берген (видео)
ЦОЙ: «Коронавирус бойынша жағдай тұрақталып келеді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу