​Ақмола облысында 14 жастағы қыз іздестірілуде

Oinet.kz 15-07-2020 2216

Ақмола облысының Шортанды ауданында 2004 жылы туған қызды іздеуге екі жүзге жуық адам көмекке шақырылған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

Screenshot_5.jpg

Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің айтуынша, 14 жастағы қыздың жоғалып кеткенін құтқарушыларға тәртіп сақшылары хабарлаған. 

"2004 жылы туған жасөспірім үйден 12 шілде күні таңғы алтыда белгісіз бағытқа шығып кеткен. Әзірге оның қайда екендігі белгісіз",– делінген хабарламада. 

Жоғалған қызды отбасы мүшелері өздері күні бойы іздеп, нәтиже болмаған соң полиция қызметкерлеріне жүгінген. 

Screenshot_4.jpg

"Жоғалған қыздың анасы оның Шортанды ауылындағы стадионға таңғы алтыда жүгіруге кеткенін айтты. Қырық минуттан кейін ұялы телефоны сөніп қалған",– дейді Шортанды ауданындағы төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімше бастығының міндетін уақытша атқарушы Еламан Әзімбаев. 

Құтқарушылар мен тәртіп сақшылары, еріктілер мен аудан тұрғындарынан құралған екі жүзге тарта адам қызды іздестіріп жатқаны белгілі болды. Одан бөлек, қосымша иісшіл иттер мен сүңгуірлер де жұмылдырылған. Олар облыс орталығы Көкшетау қаласынан шақырылған. 

Елордада ер адам бұрынғы әйелін 8 рет пышақтаған (фото)
Бекзат Саттархановтың бауырын тепкілеп өлтіріп кеткен кімдер?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу