Қазақстанның қарызы қанша доллар екені белгілі болды
Еліміздегі коммерциялық банктер мемлекеттік құнды қағаздарды сатып алып жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz сайты 24.kz сайтына сілтеме жасап
Бұл туралы Қазақстан қор биржасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк айтты. Мемлекеттік бюджет дефицитін жабу не ірі жобаларды қаржыландыру мақсатында шығаратыны мемлекеттің құнды қағаздарды 2017-2019 жылдары Ұлттық банк пен бірыңғай зейнетақы қоры алып келген. Ал биыл екінші деңгейлі банктердің табысы 28 процентке артты. Сондықтан олар соңғы бес жылда жоламаған құнды қағаздар нарығына белсенді еніп жатыр. Биыл елімізде 1 трлн теңгенің құнды қағазы шығарылады деп жоспарланған.
Әлемдік қарыз биыл 1 трлн доллардан асуы мүмкін. Сарапшылар пандемия кезеңінде қаржылық ахуалын реттеу үшін мемлекеттер осындай қадамға баратынын болжады. Олар 900 белді фирмалардың 5 айдағы корпоративтік қарызын саралап көрген. Сөйтіп, жаһандағы қарыз 12 процентке артып. 9,5 трлн долларға жетуі ықтимал. Қазірдің өзінде әлем елдері індетпен күрес әрі экономика шатқаятатпас үшін 11 трлн доллар жұмсапты. 72 мемлекеттің халықаралық валюта қорынан қыруар қаржы алғаны белгілі. Биыл барлық елдің мемлекеттік қарызы жаһандық ЖІӨ 101,5 процентін құрап, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі рекордты жаңартады.