Қазақстан шекарасы алапат өртке оранды

Oinet.kz 15-07-2020 2661

Шығыс Қазақстан облысының аумағы алапат өрт құшағында қалды. Қызыл жалын үш мың гектарға жуық жерді күлге айналдырған. Тілсіз жаудан жапа шеккендер жоқ, деп хабарлайды Oinet.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Телеарна таратқан ақпаратқа сүйенсек, өртенген аумақ Үржар ауданындағы Қарабұлақ ауылдық округіне тиесілі жер және Қытай шекарасындағы далалық.

Анық болғандай, аптап ыстықта қураған шөптің түгі қалмай жанып кеткен. Сонымен қатар, қатты соққан желдің салдарынан тілсіз жау үлкен аумақты қамтыды. Аталған оқиға байланысты облыстық өрт сөндіру қызметі бастығының міндетін атқарушы Азамат Мұқашев түсініктеме берді. 

"Өрт сөндіруге өрт сөндіру қызметінен және шекара заставасының жеке құрамы мен әкімшіліктен кісілер тартылды. Өрт қауіптілігі мерзімі басталғаннан бергі төртінші дала өрті, аумағы үлкен өрт", - деді ол.

Еңбек министрі алдағы уақыттағы жалақы туралы тың мәлімдеме жасады
Қазақстанның қарызы қанша доллар екені белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу