Белгілі айтыскер жаназадан көз ашпаған еліміздің бүгінгі күйіне жыр арнады
Белгілі айтыскер-ақын Балғынбек Имашев елімізде 5 шілдеден бастап енгізілгелі жатқан карантин режимін қолдайтындығын жеткізді. Қаншама адамның өмірін жалмаған коронавирус қауіпті індетіне сенетінін де айтып қалды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. Бұл туралы ақын Instagram парақшасында жазба қалдырды.
- Абайша:
Басында вирус бар деп ескермедім,
Зиянын естісем де тексермедім.
Ер "кеткен соң" қабірдің қуысына,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Өзім де маска кимей төске өрледім,
"Барлығы саясат" деп дес бермедім.
Күнделікті естимін суық хабар,
Режим сақтап отырсам өстер ме едім?
Жаназадан көз ашпай,
Мемлекетті,
Карантинге жапқанын теріс көрмедім, - дейді Балғынбек Имашев.