Жеңіс парадында Тоқаевтың не үшін маска тақпағаны белгілі болды

Oinet.kz 25-06-2020 1275

Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Мәскеудегі Жеңіс парадында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың неге маска тақпағанын түсіндірді, деп хабарлайды Oinet.kz Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

image.png

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай ұйымдастырылған әскери парадқа қатысты. Ол парадқа шақырылған мемлекет басшылары мен ардагерлердің арасында отырды. Кейбір қазақстандықтар адамдар көп жиналған жерде Президенттің неге масқа тақпағанына таңқалды.

image.png

Берік Уәлидің айтуынша, парадта мемлекет басшылары мен ардагерлер үшін жеке мінбер орнатылған. Сондай-ақ, мұнда дезинфекция жұмыстары мұқият жүргізіліпті.

- Бұл жерге тек коронавирус инфекциясы теріс нәтиже көрсеткен адамдар ғана оның ішінде шетелдік делегация өкілдері кіргізілді. Барлығы коронавирусқа тексерілді. Сондықтан мұнда мәселе туындамауы қажет. Сіздер Қырғызстан президенті бастаған делегацияда коронавирус анықталғанын білесіздер. Ал Сооронбай Жээнбеков байланыс жасаған адам ретінде парадқа қатысудан бас тартты, - деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, ол Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың бар-жоғын текcеретін тесттен өтіп жүргенін атап өтті.

Еріктілердің атқарған жұмыстары ескерілді
Жабағылы ауылының орталықтандырылған кәріздік жүйесі жаңартылуда
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу