Еріктілердің атқарған жұмыстары ескерілді

Oinet.kz 23-06-2020 727

image.png

Барша әлемді дүрліктірген індетпен күрес кезінде бір-бірімізді қолдау азаматтық борыш. Осы бір борышты орындау барысында «Biz birgemiz» Республикалық акциясы аясында белсенді жұмыс жүргізген ерікті жастарға Елбасының Алғыс хатын тапсыру іс-шарасы өтті. Марапатты аудан әкімі, «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық филиалының төрағасы Мұхит Отаршиев тапсырды.

Жастардың елге деген жанашырлығын жоғары бағалаған аудан басшысы игі істерді жүзеге асыруда ерікті жастарымыз аянбай халыққа көмек көрсетуде. Карантин уақытында және Мақтаарал ауданында орын алған төтенше жағдайда кезінде де ауданымыздың ерікті жастары ерекше белсенділік танытты. Орасан зор еңбектеріңізді Елбасы бағалап отыр. Еліміздің болашағы өздеріңіздей жалынды жастардың қолында",- деді.

Сонымен қатар, аудан басшысы төтенше жағдай енгізілгеннен бері

халықты қорғану шараларын сақтап, үйде болуға, сабырлық пен бірлікке шақыратын облыстық "Біз біргеміз" акциясы аясында ұйымдастырылған бейнероликтер байқауында "Ең үздік ән" номинациясы бойынша жеңімпаз атанған аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарын алғыс хатпен марапаттады

Қазақстанның туы бейнеленген дәретхана төсеніштері сатылуда
Жеңіс парадында Тоқаевтың не үшін маска тақпағаны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу