Тағы бір шенеунік коронавирус жұқтырды

Oinet.kz 24-06-2020 1680

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов коронавирус жұқтырды. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz порталына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

news_full15929892300f2797555d222b85361f27cf1ad48080.jpg

Әкім қанша жерден сақтық шаралары сақталса да, инфекцияны жұқтырып алғанын жеткізген. 

"Барлық сақтық шараларына қарамастан, менің COVID-19 тестім оң нәтиже көрсетті. Осыған байланысты мен өзім оқшауланудамын және қашықтан жұмысымды жалғастырамын", - деп жазды ол.

Ол облыс тұрғындарынан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Жағдайды дұрыс түсініңіздер, сақ болыңыздар деді ол. 

"Мен тағы да жерлестерімді аймақта енгізілген шектеу шараларын қатаң сақтауға шақырамын. Баршаңызға мықты денсаулық және өркендеу тілеймін! Өзіңе қамқор бол!" - деп жазды Архимед Мұхамбетов.

Ахметбек Нұрсила желіде ерсі қылық көрсетті (видео)
Бейсен Құранбекке арналған жазба көпшіліктің көзіне еріксіз жас үйірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу