Нұр-Сұлтанда ер адам қаза болды

Oinet.kz 22-06-2020 1496

Нұр-Сұлтан қаласында биік терезеден құлап кеткен ер адам қаза болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі 

news_full15928100447d6cba7dc12edda2d550c51349c2e9a4.jpg

"21 маусымда қалалық жедел медициналық жәрдем стансасына көп қабатты үйден адамның құлауы туралы шақыру келіп түсті. Дәрігерлер бригадасы оқиға орнына келді. 1989 жылы туған ер адам, оны № 2 қалалық ауруханаға алып келді. Ер адам алып келген кезде өте ауыр күйде болды. Өкінішке қарай, ол алған жарақатынан көз жұмды.

Сол күні осы мекен-жайы бойынша тағы бір оқыс оқиға болды, өзіне қол жұмсауға тырысты. Бригада сол жерде болды, 1986 жылы туған әйел көпқабатты үйден құлады. Ол да № 2 қалалық ауруханаға жеткізілді. Қабылдау кезінде науқаста жамбас сынығы, жабық бас сүйек-ми жарақаты анықталды. Қазір пациентке барлық қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Әйел палатада", - деді елорданың қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында.

Нұр-Сұлтан полиция департаментінде ер адам мен әйел мас күйінде болғанын мәлімдеді.

Тағы бір беделді әкім коронавирус жұқтырды
Кәмшат Жолдыбаева мінсіз мүсінімен ерлер қауымын естен тандырды (фото)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу