Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Досмахамбет (Дос) Қалмаханұлы Көшім 1955 жылдың 21 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы, Дермене совхозында дүниеге келген.
Білімі:
Әл-Фабари атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Филология факультеті, қазак тілі мен әдебиеті пәнінің маманы
Еңбек жолы:
Абай атындағы педогогикалық университетте 18 жыл қазақ тілінен сабақ берген. 1988 «Ана тілі» қоғамының құрушыларының бірі
1990 Қазақ еліндегі ең алғашқы саяси партия Қазақ Социал-Демократиялық Партиясын ұйымдастырушыларының бірі, тең төрағасы
1991 Азаматтык «Азат» қозғалысының төрағасының орынбасары
1996 «Демократияны Қазақ тілінде оқытып үйреті және тарату» орталығының құрышысы
1999- 2005 «Тәуелсіз Бақылаушылардың Республикалық Жүйесі» қоғамдық бірлестігің құрушысы, президенті
2005-тен осы уақытқа дейін «Ұлт тағдыры» қОзғалысының ұйымдастырушыларының бірі және төрағасы
Марапаттары:
1994 Демократияға сіңірген еңбеri үшін АҚШ-тың «Техас Штатының Құрметті Азаматы» атағы
2006 «Казақстанға еңбегі сіңген қайреткері» атағы
2008 Tіл Комитетінің «Қазақ тілінің жанашыры» тесбелгісі
Жазған еңбектері:
Демократиялық Принциптерді түсіндіру бағытындағы кітаптары:
«Демократия негіздеріне кіріспе» .
«90-жылдардың қара сөздері» .
«Казақстандағы демократия мен саясат туралы 100 сүраққа 100 жауап» . «Азаматтардың мақсатқа жету жолында колданылатын әдістері мен тәcілдері» «Казақтарды қалай көтеруге болады?»
Ұйымдастырған жиындары мен шерулері:
1992 жылы Алматыдағы ашаршылықты еске түсіру жиыны
1992 жылы «Азат» 6 күндік пикетті ұйымдастырушылардың бірі
2002 жылы Өзбекстанға қазақ жерін бермеу үшін ұйымдастырылған «Бағыс» митингісіне қатысушы.
«Шаңыраққа тіpек» қоғамдық комитетінің төрағасы,
Шаңырақ оқиғасына қатысушы 25 азаматты корғаушылардың бірі
Өмірлік ұстанымы:
Ұлт және демократия
Үлгі тұтатын тұлғасы:
Куба революционері Эрнесто Че Геваро
Отбасы:
Жары Әсима Ғалымжанқызы ҚазҰУ география пән мұғалімі, үш қыз тәрбиелеп отыр.
Дос Көшім ата-анасы туралы:
Менің нағашы жұртым – қарақыпшақтар. Демек, қарақыпшақ Қобыланды-ның тікелей ұрпақтары… Алайда мен 1941 жылы 22 маусымда, таңғы сағат 4-те Польша шекарасында соғысты бастап, 1945 жылы 9 мамырда Берлинде соғысын аяқтаған әкемді – батырлардың бірі деп есептеймін. Абайдан бастап, қазақ пен орыстың барлық классиктерін жатқа білетін, театрдың бірде-бір қойылымынан қалмайтын, ақылы мен турашылдығы үшін туысқандарының арасында «біздің Ленин» деп аталатын анамды би де, шешен де деп есептеймін.
Өмірлік жары туралы:
Екінші курста біздің жатақханамызға география факультетінің студенттерін уақытша орналастырды. Сіздің апаңызбен (Тайпақ ауданы Қарауылтөбе ауылының тумасы Әсима Ға-лымжанқызы Көшім – қазір география ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Ұлттық университеттің профессоры) сол жылдары танысып, оқуды бітірген жылы (менің жасым 26-да болатын) отау көтердік. Егер менің саяси-қоғамдық өмірде жасаған жұмыстарым белгілі бір деңгейде жақсы нәтижесін берсе, соның барлығы менің жұбайымның қолдауымен, көмегімен, қатысуымен болғаны анық.
Біз білмейтін қыры:
Ерекше дарыны ретінде сурет өнерін атайды. Бұл өнері қызы мен немересіне де берілгендігін айтады. Мылтық, пистолет, садақ атуды жақсы меңгерген. Саясаткер әскерде жүргенде пышақ лақтыру өнерін де меңгергендігін де жасырмайды. Өзінің айтуынша: "Мен өзімді күреске дайындаған сияқтымын".