Дәрігер Нұр-Сұлтандағы аурухананың жұмысынан видео жариялады
Нұр-Сұлтандағы № 1 аурухананың бас дәрігері мекеменің жұмысын видеоға түсіріп, көпшілікке көрсетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
Бұл видеоны №1 қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігері Марат Әбдуов түсірген. Роликте ол провизорлық стационарды көрсетіп, медициналық мекемеде пациенттерді қалай қабылдайтынын айтты.
"Бүгін, 20 маусымда мен коронавирустық инфекцияны жоққа шығармайтын симптомдары бар пациенттер келіп түсетін жедел қабылдау бөлімінде, № 2 пост немесе провизорлық бекет деп аталатын жерде тұрамын. Пост инфекцияның асқынуын болдырмау үшін құрылған", - деп атап өтті Әбдуов.
Сондай-ақ, ол науқастардың жағдайының ауырлығын анықтайтын тіркеу бөлімін көрсетті.
"Егер пациент шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет етсе, ол реанимацияға жіберіледі немесе жедел терапия палатасында көмек көрсетіледі", - деп толықтырды бас дәрігер.
Дәрігер науқастар оқшауланатын бөлмені де көрсетті.
"Мұнда коронавирустық инфекцияға ПТР жағындылары алынады, барлық талдаулар электрондық базаға енгізіледі. Содан кейін бұл науқас изоляторға жатқызылады. Біздің палаталар 3-4-орынды", - деп атап өтті Марат Әбдуов.
Қалалық ауруханаларда эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты ауруханаға жатқызу саны күрт өсті. Әкімдікте дәрігерлер барлығына қажетті медициналық көмек көрсететінін атап өтті.