Тағы бір өңірде жаппай пневмонияның ауыр түрі анықталып жатыр

Oinet.kz 20-06-2020 7654

Ақтөбеде кенеттен пневмонияның өршуі тіркелді, екі күн ішінде диагноз 200-ге жуық адамда анықталды. Адамдар өте ауыр күйде келеді, бұл ретте коронавирус анықтайтын тестің нәтижесі көбінде теріс, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісіаурухана

Қазіргі таңдағы статистика үрей тудырады - 8 адам аурудан көз жұмған.  Екі жақты пневмония ересектерге де, балаларға да, тіпті медицина қызметкерлеріне де әсер етуде.

Дәрігерлер қатты алаңдап, ақтөбеліктерден аса сақ болуды талап етті. Ауруханаларда төсек жеткіліксіз, кейбір дәрігерлер жұмыс істеуден бас тартып отыр.

"Иә, дәліздерде жатыр, өйткені қазіргі уақытта бос төсек орындары тек темір жол ауруханасында ғана бар. Өткен түні 20 дәрігердің орнына тек төрт дәрігер мен облыстық денсаулық сақтау басқармасының бір өкілі ғана жұмыс істеді. Олар осы түні жеті адам болуы керек еді. Екі адам келіп, жұмысын көріп, бас тартты.  Оларға жеке өзім хабарластым. Олар денсаулығына байланысты проблемалары бар екенін, қауіп - қатер тобында екенін айтты", - деді денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Светлана Есенаманова.

 Дәрігерлер қазіргі пневмония өте тез дамып жатыр деп қорқып отыр. Бірнеше күннің ішінде адамның екі өкпесі де сыр береді.

"Суретте өкпенің өзгеруі айқын, иә. Бұл бағытта мамандар жұмыс істейді. Мүмкін, вируспен байланысты шығар. Коронавирус деп айта алмаймын. Міне, пневмония бар, қаншама адам  жатыр, олар өте ауыр жағдайда. Тіпті олардың арасында COVID расталады. Мүмкін, екі-үш, бесеуінде", - дейді Светлана Есенаманова.

Тәулігіне 103-ке 2000-ға дейін қоңырау түседі. Жедел жәрдем стансасында шақырулар кем дегенде екі есе өскенін атап өтті. Тиісінше, шағымдар да артты. Ақтөбеліктер қоңырау шалып, ала алмайды немесе бригадалар ұзақ күттіріп қояды.

​Димаш Құдайберген магистрлік диссертациясын қорғады
Қазақстанда коронавирустан тағы бірнеше адам қайтыс болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу