Қазақстанда коронавирустан тағы бірнеше адам қайтыс болды

Oinet.kz 20-06-2020 2257

Қазақстанда коронавирустан тағы 8 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

photo_68581.jpeg

"Түркістан облысы - 1950 және 1958 жылдары туған әйелдер, 1962 жылы дүниеге келген ер адам, Шымкент қаласы - 1962 жылы туған әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласы - 1954, 1958 және 1952 жылдары туған әйелдер, 1950 жылы дүниеге келген ер азамат", - делінген хабарламада.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Жалпы, Қазақстан бойынша барлығы 113 адам қайтыс болды.

Тағы бір өңірде жаппай пневмонияның ауыр түрі анықталып жатыр
Айсұлтан Рахат Тоқаевтың билікке қалай келгенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу