Ақтөбеде 9-шы сынып оқушысын 11-шы сыныптар ұрып өлтірді

Oinet.kz 23-12-2022 5638

11-ші сынып оқушылары 14 жастағы жасөспірімнің денесіне жарақат салмай ұрған. Оқушы алған соққыдан үйіне жете алмай көз жұмды, - деп хабарлайды Оrda.kz.

Screenshot_4.jpg

Фотоның мақалаға қатысы жоқ

Оқыс оқиға 20 желтоқсан күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданында тіркелді.

Ауданан 100 шақырым жердегі Бегімбет ауылында 11-сынып оқушылары 9-сынып оқушысына әлімжеттік жасаған.

ORDA.kz-ге оқиғаны марқұмның туысқаны баяндап берді.

– Інім сол күні кешкі сағат 10:30 шамасына ата-анасына үйге келе жатқанын хабарлаған. Кейін денесін алып келді. 11 класс оқушылары ұрған, тепкен. Інім жуас, ешкімге тиіспейтін. Жоғары класс оқушылары ұрып кетіп қалғаннан кейін інім қасындағы досына өзін жайсыз сезініп тұрғанын айтқан. Өздері ауылдың медбикесіне апарады. Сол аралықта жан тапсырады. Денесінде көзге көрінетін жарақат жоқ. Ішкі құрылысы зақымданған. Бауырын езіп жіберген, – дейді марқұмның туыс апасы Гүлмира Базарбаева.

Оқиға туралы Ақтөбе облыстық полиция департаменті әлі ақпарат берген жоқ.

«AMANAT»: Облыстың бас дәрігері қоғамдық қабылдау өткізді
«Күлтегін» және «Гумилев» стипендияларының иегерлері анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу