«AMANAT»: Облыстың бас дәрігері қоғамдық қабылдау өткізді

Oinet.kz 23-12-2022 604

Биыл жергілікті бюджет есебінен Сарыағаш, Отырар, Қазығұрт аудандарына қарасты ауылдарда ФАП және дәрігерлік амбулатория құрылыстары басталды. Ал, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында Ордабасы, Түлкібас, Қазығұрт аудандарында бой көтерген ФАП құрылысы 2023-2024 жылдары аяқталады деп жоспарлануда. 

Screenshot_1.jpg

Дегенмен ауылды жерлерде медициналық нысандарды салу мәселесі өзектілігін жоғалтпай отыр. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі ұйымдастырған жиында аталған мәселе талқыланды. Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов тұрғындарды арыз-өтініштері бойынша онлайн-офлайн форматта қоғамдық қабылдау өткізді. 

Алдымен тікелей эфирге бірқатар сауал келіп түсті. Жоғары білімді кадр тапшылығы, кадрлық әлеуетті нығайту, жалпы басқарманың 2022 жылы атқарған жұмыстарына байланысты сұрақтарға толыққанды жауап берді. Мұнан соң өңірдің бас дәрігері Марат Орынбасарұлы қабылдауға келген азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады. 

Ордабасы ауданының тұрғыны Б.Құрманбай Шұбар ауылдық округі,  Сарытоғай, Жусансай және Аққойлы елді мекендеріне ФАП салу мәселесін көтерді. Басқарма басшысы мәселенің мән-жайынан хабардар екенін жеткізіп, көрсетілген мерзімде салынбаған нысан бойынша соттың шешімі күтілуде деп мәлімдеді. 

Ал, Қазығұрт ауданынан келген М.Абдалиева Махамбет ауылына өз қаражаты есебінен дәрігерлік пункт ашуға ниетті екенін білдірді. М.Пашимов жауапты мамандармен беттестіріп, заңдылықтары бойынша түсіндірме жүргізуге көмек көрсетілетінін айтты. Жалпы келіп түскен әрбір талап-арыз партия филиалы және басқарма тарапынан бақылауға алынып, тиісті жауаптар жолданады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Қазақ-өзбек бизнес форумында 73 млн. АҚШ долларына келісімшарт жасалды
Ақтөбеде 9-шы сынып оқушысын 11-шы сыныптар ұрып өлтірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу