Зорлықшы қылмыскерді ұстап алған азамат қыздарға ескерту жасады
Қазақстандық жоғары оқу орындардың бірінде қызмет атқаратын Самат Смағұл есімді азамат осыдан он жыл бұрын басынан өткерген оқиғаны баяндап берді. Ол сол уақытта 16 жастағы қыз баланы зорлықшының қолынан аман алып қалғанын жеткізді, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.
- "2011 жылдың күзі, түнгі 11 шамасы. Шаляпин-Алтынсарин (ред - Алматы қаласы) көшелері қиылысында бір қызды жігіт зорлайын деп жатты. Басында ішіп алған жұбайлар деп қалдым. Бір кезде "помогите" деген сөзді қайта-қайта естігеннен кейін барғанда, не болып жатқанын түсіндім. Әлсіз жігіт емес екен, алайда Алланың қалауымен оны жібермей ұстап қалдым. Соңында қыз 16 жаста екенін білдім. Өзі тыртыстырған ласинамен жүр. Әлгі зорламақшы болған жігітті ұстап полиция қызметкерлерін күтіп тұрғанда қыздың ағасы мен анасы келіп, күдіктіні ұруға талпынды. Оларға қол ұшын тигізбей өздеріне ұрсып бердім. Біріншіден күдіктіні ұрса өздері заң бұзады, екіншіден 16 жастағы қызды түнделетіп ағасы үйде бола жіберген. Үшіншіден қыз балаға тырыстырған киіммен түнде көшеде жүру кез келген мемлекетте қауіпті. Соңында оқиға орнына тәртіп сақшылары келген соң, жігіттің мылқау екенін білдік. Бірақ оған заң алдында еш жеңілдік болмайды деп ойладым", - деп ол басынан өткен жағдайды баяндап берді.
Самат Смағұлдың сөзінше, әлгі қыз бірнеше жылдан кейін әлеуметтік желіде алғыс білдіріп, "қысқа киме" деп ұрысу себебін түсінгенін жеткізген. Алматылық азамат сөзін қорытындылай келе ерлігін мақтаныш үшін жазбағанын, осы арқылы қыздарды қысқа кимеуге шақыратынын айтты.