Біртановпен іссапарға барған: Үкімет басшысының коронавирус жұқтырғаны рас па?
Еліміздің премьер-министр Асқар Мамин коронавирусқа тест тапсырып, өзін өзі оқшаулады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі
12-маусымда Елжан Біртановпен бірге Жамбыл облысына іссапармен барған. Денсаулық сақтау министрінің коронавирусқа тапсырған тестілеуі оң нәтиже бергендіктен, Асқар Мамин де тесттен өткен.
Алайда, үкімет басшысының коронавирус инфекциясына тапсырған талдамалары теріс нәтиже көрсеткен. Дегенмен қазір Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулап, барлық қауіпсіздік шараларын жасауды жөн көрген.
Қазіргі таңда Асқар Мамин өзін-өзі оқшаулап, бейнеконференция режимінде, үйден жұмыс жасап жатыр. Үкімет басшысының денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.