Пандемияның екінші толқыны болатыны рас па?

Oinet.kz 11-06-2020 1374

Италия ғалымдары коронавирус ағынының бәсеңдеуін көрсететін зерттеу деректерін ұсынды. Бұл күзде пандемияның келесі толқыны болмайтынына сенуге мүмкіндік береді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ  сайтына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

concept-of-sarscov2-or-2019ncov-coronavirus-picture-id1208953647_d_850.jpg

Милан университетінің вирусологы мен проректоры Массимо Клементи мамыр айында италиялық медицина қызметкерлері бастаған науқастарға жүргізілген мониторинг COVID-19 бар пациенттердің ауру дәрежесі төмендегенін көрсететінін айтты. Қарқынды терапия талап етілетін науқастардың пайызы азайып келеді. Осыған орай, үй карантинінде өз бетінше емделе алатын вирусты жұқтырғандардың саны өсуде. Массимо Клементи індеттің бастапқы кезеңінде мамыр айының соңына қарағанда он есе жоғары болғанын атап өтті. Бұл вирустың адам ағзасына бейімделіп, әлсірей түсетінін білдіруі мүмкін. Ғалымның айтуынша, бірқатар елдерден келіп түскен деректер осы гипотезаны растайды. Мұндай көрсеткіштер кезінде күзде ДДСҰ болжап отырған пандемияның екінші толқыны болмауы мүмкін. 

Басқармада ұжымдық шарт жасалды
Белгілі спортшы министрлікті басқаруға ниетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу