Белгілі спортшы министрлікті басқаруға ниетті

Oinet.kz 11-06-2020 1252

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері, күрескер Қуат Хамитов алдағы бес-алты жылда спорт министрі болуға ниеті бар екенін жеткізді. Атышулы спортшы бұл саланы оған қатысы бар азаматтардың басқарғаны жөн екенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.  

image.png

Қуат Хамитов министрлікті өзі тізгіндегісі келетініне қарағанда қазіргі басшылықтың қызметіне көңілі толмай отырған көрінеді. Ол бес-алты жыл көлемінде спорт министрі болып қалуы әбден мүмкін екенін айтты. 

- "Спорт басқармаларында отырған кісілердің көбісінің спортқа еш қатысы жоқ. Ол мысалы мені химия саласындағы қызметке қойса, мен ол саланы білмеймін. Сол себепті, спортшылар ғана осы спорт мәселесімен айналысу керек. Біз бұл саланы жақсы білеміз, түсінеміз. Бұл қиындықтар басымыздан өткендіктен, оларды өзгертуге біздің ғана шамамыз келеді. Бұйыртса, осы алдағы бес-алты жылда спорт министрі болатын шығармын" , - деді Қуат Хамитов. 

Пандемияның екінші толқыны болатыны рас па?
Әкім Ақментай Есбаев отставкіге қашан кетеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу