Еліміздегі ең үлкен отбасыда 16-шы сәби дүниеге келді

Oinet.kz 11-06-2020 1240

Елімізде ең үлкен отбасы саналатын петропавлдық Култышевтар әулетінде он алтыншы сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Дүниеге келген нәрестенің бойы 52 сантиметр, салмағы 3 келі 800 грамм болып туған. Енді Павел мен Татьяна Култышевтердің 9 ұлы мен 7 қызы бар.

Кеше еліміздегі ең көп балалы отбасы кенже ұлдарын перзентханадан шығарып алды.

Татьяна мен Павел Култышевтардың шаңырақ құрғанына биыл 18 жыл болады. Отбасының үлкені - 18 жаста.

Бұған дейін көпбалалы отбасының 16-шы сәбиін күтіп отырғанын хабарлаған болатынбыз.

Елордада аштық жариялаған аналарды полицейлер күштеп алып кетті (видео)
Әйел туралы жазбасы шу тудырған шенеунік қызметінен кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу