«Күз мезгіліне дайындалып жатырмыз» - аурудың екінші толқыны туралы Надыров

Oinet.kz 08-06-2020 1546

Қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы Камалжан Надыров коронавирустың екінші толқынына дайындықтың басталып кеткенін айтты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

image.png

Надыровтың сөзінше медициналық қызметкерлер үшін барлық жағдай жасалған. Алматы қаласының мамандары арнайы қорғаныш құралдары мен тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілген деп отыр ол. 

- "Науқастардың медициналық көмекті алу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар атқарылып жатыр. Медициналық қызметкерлер қорғаныш құралдарымен және тиісті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген", - дейді Надыров.

Сонымен қатар қоғамдық денсаулық сақтау бөлімінің басшысы коронавирустың екінші толқыны туралы айтып өтті. Қазіргі таңда вирустың жаңа әлде қайда күшті формасына дайындық бастап кеткендерін айта кетті Надыров.

- "Күз мезгіліне де дайындалып жатырмыз. Егер аурудың екінші толқыны болып қалса деп", - дейді Надыров.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Надыров ауру белгілері жоқ науқастар емдеуді қажет етпейтіні туралы жазған болатынбыз.

Мұғалімдер енді еңбекақыларын өздері есептей алады
Шымкент: Бас санитарлық дәрігердің қаулысына өзгерістер енгізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу