«Қытай коронавирусқа қарсы вакцинаны әзірлеуге кедергі келтіреді» - Америкалық сенатор
АҚШ-тың республикалық сенаторы, Флорида штатының бұрынғы губернаторы Рик Скотт Қытай АҚШ пен Еуропаға коронавирусқа қарсы вакцинаны жасауға кедергі келтіргелі жатқандығын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz Stan.kz порталына сілтеме жасап.
- "Біз бұл вакцинаны жасауымыз керек. Өкінішке қарай, коммунистік Қытай біздің күш-жігерімізге кедергі келтіруге немесе бәсеңдетуге тырысады деген дәлел бар", - деді ол Би-би-си телеарнасының эфирінде.
Скотт Пекин бүкіл әлемде "демократияның жауы болуға" шешім қабылдағанын және вакцинаны алғашқы болып Ұлыбритания, Еуропа немесе Америка Құрама Штаттарының жасағанын қаламайтынын атап өтті.
Сенатордың айтуынша, егер Қытай вакцинаны бірінші болып тапса, онда ешкіммен бөліспейді. Ал басқа елдер оны бүкіл әлем адамдары үшін әзірлеуге дайын.