Гитлердің атасы еврей ме?
11-01-2024
Қаламы қарымды танымал журналист Оралхан Дәуіт Жамбыл облыстық "Ақ жол" газетінің бас редакторы болып тағайындалды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Оралхан Дәуіт 1976 жылы қазіргі Төлеби ауданы, Жамбыл ауылында дүниеге келді. Жастайынан жазу-сызуға қызығып өскен ол еңбек жолын "Шымкент келбеті" газетінде тілші болып бастады. Алғашқы мақалаларымен-ақ оқырмандарын тәнті еткен ол кейіннен журналистік мансабын "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жалғастырды. Мұнда да ол өнімді еңбек етті.
Дегенмен көпшілік Оралхан Дәуітті республикалық "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген кезінен бері таниды. Мұнда ол екінің бірі тәуекел ете бермейтін өткір тақырыптарда жазып, көпшілікті мазалап жүрген мәселелерді көтерді. Оның сын мақалаларының арқасында көптеген мәселелер оң шешімін тапты. Халық пен билік арасында алтын көпір бола білген ол еңбегі еленіп көптеген марапаттарға ие болды.
Қайнаған жұмыстан бөлек ол жеке шығармашылығына да уақыт тапты. Оның өмірдің өзінен алынған боямасыз хикаялары әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді. Көп ұзамай жұрт жата-жастана оқыған хикаялары іріктеліп, "Ақ самаурын" деген атпен кітап болып басылып шықты.
Бүгінгі қызметіне дейін ол республикалық "Егемен Қазақстан" газетінде абыроймен қызмет атқарып келді.
Біз, Oinet.kz сайтының ұжымы Оралхан Дәуітке жаңа қызметте шығармашылық табыс тілейміз.