Солтүстіке көшкендер қайтып оралып жатыр
Еліміздің оңтүстік өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударған 77 адам былтыр ол жақтан көшіп кеткен, деп хабарлайды Oinet.kz. Бұл туралы "Хабар 24" жаңалықтар қызметінде айтылды.
Телеарна мәліметінше, оның себебі сан түрлі. Бірі күннің суығына шыдамаса, енді бірі несиелік қарыздарына байланысты қайтып кеткен.
Жалпы былтыр аймаққа Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 2 мыңнан аса адам қоныс аударған. Олардың бәрі баспаналы болып, отбасы мүшелері көтермеақы алды.
- "Сол 22 отбасының ішінде 18-і мемлекеттік қолдау шараларын алмай қайтып оралған болатын. Оның ішінде 10 отбасы отбасылық жағдайына байланысты, 4 отбасы ауа райы жағдайына, климатқа байланысты. 2 отбасы денсаулығына байланысты көшіп кеткен", - дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының маманы Назерке Тасқұлова.