«35 мәйітті алып бардым» - мәйіттерді тасығандар үстемақы ала алмай отыр

Oinet.kz 04-06-2020 2093

Нұр-Сұлтан қаласында коронавирус инфекциясын  жұқтырғандармен тығыз қарым-қатынаста болған қызметкерлер не үйлеріне бара алмай, не тиісті үстемақыларын ала алмай отыр. Елордадағы тубдиспансерде карантинде жатқан 40-қа жуық қызметкер наразылықтарын жеткізуде, деп хабарлайды Oinet.kz  Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап. 

image.png

Басшылықтың бос уәдесіне сеніп келген олар шыдамның да шегі бар дейді.

-“10-шы мамыр күні мен өзім алып барғам. Біз несін қарағанда 34-ші немесе 35-ші ковид Астанадан шыққан сол мәйітті мен өзім апардым", - дейді Нұрболат есімді жүргізуші. 

Дәл Нұрболат секілді күн-түн демей науқастар мен мәйіттерді тасыған жүргізушілердің қатары көп. Олар дамыл таппай жүргендерін жеткізіп, мемлекет тарапынан берілетін тиісті үстемақымызды ала алмай отырмыз деп ашынды.

- "Ана айда демалыссыз күндіз-түні жұмыс істедік. Артық сағат қой. Адамдар шегінде отыр шыны керек”, - дейді Болат Төлебаев. 

Ал Есжан Намазбаев есімді жедел жәрдем жүргізушісі тіпті үйге қайта алмай қор болып отырмыз, науқаспен қарым-қатынаста болғансың деп жібермей жатыр дейді.

-“Ақша төлеуге келгенде біз вирусқа қатысымыз жоқ, ал жатуға келгенде, үйге барайын, бірдеңе десең, жоқ сен контактныйсың, саған болмайды деп айтады. Біз түсіне алмаймыз сол сұрақты”, - дейді ол.

Жүргізушілермен қатар, науқастардың ас ішкен ыдыс-аяғын реттеп, көрпе жастығын жуатын қызметкерлер де дәл осы жағдайда. 

- "Біз көрпе-жастықтарын жуамыз ғой. Қан да басқасы да бар соларды жуамыз", - дейді олар.

Жедел жәрдем қызметкерлерінің наразылығына Нұр-Сұлтан қаласы көпсалалы медициналық орталығының директоры Мұрат Төлеутаев жауап берді. 

- "Денсаулық сақтау министрлігінің 4 сәуір 2020 жылғы бұйрығымен, 28/20 бұйрығында кейбір денсаулық сақтау қызметкерлеріне коронавирусқа қатысты эпидемиялық жұмыстарға қатынасқандары үшін, үстемақы қаражатын төлеу туралы бұйрығының тізімінде  - дәрігерлер, мейірбикелер және кіші буындағы медициналық қызметкерлері бар. Жаңағы фтизиопульмонология орталығының қызметкерлері бұл тізімге кірмейді", - дейді ол.

Еліміздегі үш аймағында карантин күшейтілуі мүмкін
Сенат ҚХР мен Қазақстан арасында ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін заңды қабылдады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу