Еліміздегі үш аймағында карантин күшейтілуі мүмкін

Oinet.kz 04-06-2020 2601

Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында карантин күшейтілуі мүмкін, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі

news_full1586249053b092c9a971e9be1ac238e14aa9d90f8a.jpg

"Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында еліміздегі қазіргі эпидемиологиялық жағдай, халықты жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, шетелдегі ҚР азаматтарын елге қайтаруды ұйымдастыру және басқа да өзекті мәселелер қаралды.

Өңір әкімдіктері санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауы тиіс. Талаптарды орындамаған бизнес субъектілерінің қызметін анықталған кемшіліктерді орнына келтіргенше уақытша тоқтату қажет. Бұл шаралар азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін аса маңызды", — деді Ералы Тоғжанов.

Отырыс қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірнеше нақты тапсырмалар берді.

Жақында Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы карантин шаралары күшейтілуі мүмкін екенін айтқан еді.

Айта кетейік, ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны 12067-ге жетті. Емделушілердің саны 6240-қа дейін өсті, өлім оқиғасы - 48.

Президенттің қыздары туралы құпия мәліметтер
«35 мәйітті алып бардым» - мәйіттерді тасығандар үстемақы ала алмай отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу