Елімізде коронавирустан 2 науқас көз жұмды
Елімізде коронавирустан тағы екі науқас көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
"Шымкент қаласы - 1959 жылы туған ер адам,
Павлодар облысы - 1966 жылы дүниеге келген әйел адам", - делінген хабарламада.
Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдаған.
Коронавирустан Қазақстан бойынша барлығы 40 адам қайтыс болды.
Жұқтырғандардың саны елімізде 10 858-ге жетті. 5 220 адам аурудан айықты.