Қайрат Қожамжаров депутат атанды
Елбасы Жарлығымен экс-Бас Прокурор Сенатор болып тағайындалды. Бұл жөнінде Ақорда хабарлайды.
Қайрат Пернешұлы Тараз қаласында 1965 жылы 24 наурызда дүниеге келген. А.Жданов атындағы Ленинград мемлекеттік университетін бітірген.
1987 жылдан бастап 1995 жылға дейін Қазақстан Республикасы прокуратурасының органдарында қызмет еткен. 1995 жылғы қыркүйектен бастап 1998 жылғы наурызға дейін кеден органдарында қызметте болған.
1999 жылғы шілдеден бастап осы уақытқа дейін қаржы полициясы органдарында қызмет етті.
Әр түрлі лауазымдарда: 2001 жылғы ақпаннан бастап агенттіктің тергеу басқармасының бастығы,
2002 жылғы ақпаннан бастап 2004 жылғы мамырға дейін Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығының орынбасары,
2004 жылғы мамырдан бастап 2007 жылғы қаңтарға дейін Ақтөбе облысы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті (қаржы полициясы) бастығы,
2007 жылғы қаңтардан бастап 2008 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары болды.
2008 жылғы желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы қызметін атқарды.
2012 жылғы қаңтардан - Ақмола облысының әкімі.
2013 жылғы қаңтардан - ҚР Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы. 2014 жылы тамыз айында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының төрағалығына тағайындалған. Қаржы полициясының генерал-майоры. ІI дәрежелі «Даңқ» орденімен және бірқатар медальдармен марапатталған.