Автобустан кондуктор құлап, қайтыс болды

Oinet.kz 27-05-2020 4909

Ақтөбе облысы Полиция департаменті 15 мамыр күні болған жол-көлік оқиғасының куәгерлерін іздейді. 

Айта кетейік, 15 мамыр күні сағат кешкі 17:15-те “Паз” маркалы №11 автобус Пацаева көшесі бойындағы “Әкімдік” аялдамасынан қозғалар кезде, жабылмай қалған алдыңғы есіктен автобус кондукторы құлап кеткен. Ол бас жарақатын алған. 

Автобустан кондуктор құлап, қайтыс болды

24 мамыр күні кондуктор Жедел жәрдем ауруханасында көз жұмды. 

Автобус салонында 20-25 жолаушы болған. 

Жол-көлік оқиғасының куәгерлері мен ол туралы білген-көрген адамдар болса, 936-403, 936-408, 8 777-353-24-10, 8 702 226-44-03 ұялы телефондарына хабарласуыңызды немесе Ақтөбе облысы ПД Анықтау басқармасына №403 кабинетке жолығуыңызды сұрайды.

7 аймақта коронавирус жұқтырғандар санының өсуі байқалады
Танымал заңгер Айман Умарова Түркістан облысының тұрғындары үшін тегін онлайн-құқықтық көмек көрсете
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу