Танымал заңгер Айман Умарова Түркістан облысының тұрғындары үшін тегін онлайн-құқықтық көмек көрсете
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!
2020 жылдың 28 мамырында сағат 19-00 бастап «ADAL KOMEK» жобасы аясында белгілі адвокат және құқық қорғаушы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім Кеңесінің мүшесі АЙМАН УМАРОВА Түркістан облысының тұрғындары үшін Fаcebook әлеуметтік желісі арқылы тегін онлайн - кеңес өткізеді.
АЙМАН УМАРОВА азаматтық және қылмыстық істер бойынша тәжірибе жинақтаған белгілі құқық қорғаушы.
Қызықтыратын сұрақтарыңызды +7 776 577 92 67 (видео немесе текст Түркістан облысынан екеніңізді көрсете отырып) Whatsapp нөміріне жолдауларыңызды сұраймыз.
Консультациялар көпшілік алдында жария түрде талқыланатын болады (құпиялылық сақталмайды).
Кейбір мәселелер әлеуметтік желілерде жарияланып, теледидар бағдарламаларында қолданылуы мүмкін.
Тікелей эфирді Fаcebook әлеуметтік желісіндегі https://www.facebook.com/aiman.umarova және https://www.facebook.com/anticorruption.turkistan.kz/ парақшалары арқылы көруге болады.