Қайтарымы әп-сәтте болады деп ойламадым
13-09-2022
Жеңіс Ысқабай Қазақстанның мәдениет қайраткері Бейсен Құранбек туралы естелікпен бөлісті. Ол марқұмның халық біле бермейтін жақсылығымен бөлісті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бұл туралы Жеңіс Ысқабай Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
"Алты күн журналист, жетінші күн таксист. Кеше Өміржаннан (ред. журналист Өміржан Әбдіхалық) естігенім. Аптаның бір күнін көлікке отырып алып көше кезумен айналысыды екен. Жәй жүріс емес. Кез келген жол бойында қол көтеріп тұрған адамды алып барар жеріне тегін жеткізіп отырыпты. Осыны дәстүрге айналдырып алған екен. Ақысы "Бата" еді. Бұл Бейсекеңнің көбіміз білмейтін бір ғана үлгі болар қыры, ал әр қазақтың Бейсен ағамыз туралы өз айтары бар. Алты күн арпалыстан кейін адам бір күн демалуы керек шығар.
Бірақ біздің Бейсен ағамызда олда жоқ. Осы күнге дейін әр қазақты бауырына басып, әрқайсының тағдырына жанашырлықпен араласа жүріп өз күтімін ұмытып кетті. "Ел үшін туған ерлердің, алды-арты дария кең болар" дегені бекер емес! Ағалап жүруші едік. Енді... Рухы асқақ, еңсесі биік Бейсен Құранбек!" - деді ол.